jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресей тарихындағы үздік сұрмерген "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

    Александр Кержаков
    Александр Кержаков. Фото: instagram.com/a.kerzhakov11

    Алматылық "Қайрат" футбол клубы 41 жастағы ресейлік маман Александр Кержаковпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кержаков Александр Анатольевич – Ресей футболының (233 гол), санкт-петербургтік "Зениттің" (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмерген.

    Александр "Зениттен" бөлек, испаниялық "Севилья", швейцариялық "Цюрих" пен мәскеулік "Динамо" командаларында ойнаған. Ол – УЕФА кубогының, Испания кубогы мен Суперкубогының, Швейцария кубогының иегері. Сондай-ақ, үш дүркін Ресей чемпионы, кубок иегері, екі мәрте ел Суперкубогының, Премьер лига кубогының жеңімпазы.

    Кержаков бапкер мансабын 2017 жылы "Зенит" ФК Академиясында бастады. 2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің U-17, U-18 бен U-19 жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған. Сонымен қатар ресейлік "Томь" және "Нижний Новгород", кипрлік "Кармиотисса" мен сербиялық "Спартак" Суботица футбол клубтарын баптаған. Биыл Кержаков испаниялық "Севилья" және италиялық "Интер" клубтарында тағылымдамадан өтті.

    Еске салайық, 29 сәуірде "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер өз еркімен қызметінен кеткен еді.

    Ресей тарихындағы үздік сұрмерген "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.