jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Қаржылай сыйақы мотивация береді": белгілі журналист боксшыларға сыйақы берудің еш әбестігі жоқ екенін айтты

    Есей Жеңісұлы
    Есей Жеңісұлы. Скриншот: youtube.com/@kzcommentshow

    Спорт журналисі Есей Жеңісұлы боксшыларға қаржылай сыйақы берудің еш әбестігі жоқ екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланған еді. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері:

    • 1-орын: 220 000 доллар;
    • 2-орын: 120 000 доллар;
    • 3-орын: 70 000 доллар;
    • 4-орын: 30 000 доллар;
    • 5-орын: 10 000 доллар.

    Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

    "IBA беретін қаржылай марапатқа жоламаған дұрыс. Умар Кремлев ұйымды ұстап қалу үшін ақшамен қызықтыруда бәрін. Ал федерацияның боксшыларға қаржылай сыйақы бергенін құптаймын. Спорт дегенің жастық шақсыз өткен ғұмыр ғой. Оның үстіне, біз 19-25 жас аралығындағы жігіттерге бүкіл ұлттың жүгін артып қойып отырмыз. Олардан тек жақсы нәтиже күтеміз. Қаржылай сыйақы кімге де болса мотивация береді. Одан бөлек, ресми спорттық ұйымдарға бекітілген спортшылардың айлық табысы өте төмен. Сондықтан, мен боксшыларға сыйақы бергеніне мүлдем қарсы емеспін. Әр нәрсенің өтеуі болуы керек қой. Спорттағы келте ғұмырын елді танытуға арнаған жандарға қандай құрмет те артық емес", - дейді Есей Жеңісұлы.

    Айта кетейік, бокстан Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алған боксшыларға 20 000 АҚШ доллары табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілген еді.

    "Қаржылай сыйақы мотивация береді": белгілі журналист боксшыларға сыйақы берудің еш әбестігі жоқ екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.