jitsu gif
Спорт

    Еуро-2024: тойды ұмытып, футбол тамашалап кеткен қонақтар қызу талқыға түсті (видео)

    Футбол көріп отырған той қонақтары
    Футбол көріп отырған той қонақтары. Скриншот: instagram.com/abrek_football

    Футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Грузия құрамасының жанкүйерлерлері тойды ысырып қойып, матч көрді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеодан тойға жиналған жұрт үлкен экраннан Түркия – Грузия матчын тамашалап отырғанын көруге болады. Қонақтар грузиялық футболшы Джордж Микаутадзе салған голға қатты қуанғаны да байқалады. Бұл видео желіде қызу талқыға түсіп, әртүрлі пікір жазылды.

    "Бұл үздік той, Грузия жеңіліп қалғаны өкінішті", "Футбол мен тойды біріктіру – ақымақтық", "Шыны керек, Грузия құрамасы өте жақсы ойнады" деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, Грузия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жатыр. F тобындағы команда 18 маусымда топтық кезеңдегі бірінші ойында Түркиядан 3:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл мачта Түркия құрамасынан Мерт Мюлдюр (25-минутта), Арда Гюлер (65-минутта), Мухаммед Керем Актюркоглу (90+7 минутта) гол салды. Ал Грузия командасынан Джордж Микаутадзе (32-минутта) ғана көзге түсті.

    Енді 22 маусымда Грузия – Чехия матчы өтеді. Кездесу Германияның Гамбург қаласындағы "Фолькспарк" стадионында болады.

    Еуро-2024: тойды ұмытып, футбол тамашалап кеткен қонақтар қызу талқыға түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.