jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Үлкен жетістікке қол жеткіздік": Сметов Олимпиада чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы әсерін бөлісті

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Париж Олимпиадасыынң чемпионы Елдос Сметов жеңісінен кейінгі әсерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Сіздердің тілектеріңіздің арқасында елімізде тарих жаңарып отыр. Күрес түрлерінен Жақсылық атамыздан (Үшкемпіров) кейінгі Олимпиада чемпионы атағы бұйырып отыр. Біріншісінде көрдік – күміс болды, екіншісінде көрдік – қола болды. Ал үшінші Олимпиадаға бел буып келгенімізде үлкен жетістікке қол жеткіздік. Бұл үлкен еңбекті талап етеді. Қаншама қиыншылықтарды өткергеннен кейін Аллаһ Тағала тағдырымызға жазған екен", - деді Елдос Сметов.

    Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

    "Үлкен жетістікке қол жеткіздік": Сметов Олимпиада чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы әсерін бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.