Спорт

Зектілері

Павлодар облысында 6 жасар әлем чемпионына Тоқаевтың сыйлығы табыс етілді (видео)

Жарияланған күні:

Әлем чемпионы Хадия Құнаеваға президенттің құттықтау хатын табыстау сәті
Хадия Құнаева, Асайын Байханов. Видеодан кадр: instagram.com/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар Хадия Құнаевамен кездесіп, мемлекет басшысының құттықтау хаты мен сыйлығын табыстады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кішкентай чемпионмен кездескенін өңір басшысы Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Бүгін зор қуанышпен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар Хадия Құнаевамен кездесіп, мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен сыйлық табыстап, жеңісімен құттықтадым.

Жерлесіміз Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетіп, әлемге Қазақстанның өскелең ұрпағының рухы мен талантын көрсете білді.

Жастайынан осындай жоғары жетістіктерге жету – табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыны өзінің әкесі, жаттықтырушы, спортшы, Sam Team клубының негізін қалаушы Самат Құнаев жаттықтырады", - деп жазды Асайын Байханов.

Әкімнің жазуынша, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулардың арқасында денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері атанған.

Айта кетейік, джиу-джитсудан Әбу-Дабиде өткен халықаралық турнирде екібастұздық алты жасар спортшы Хадия Құнаева KIDS 2 санатында топ жарып, әлем чемпионы атанған еді.

Бұған дейін 6 жасар чемпион қыздың бапкері туралы жазған едік – бұл турнирге балаларды апарып қатыстыру үшін Самат Құнаев өзінің жеке автокөлігін сатып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2195837-pavlodar-oblysynda-6-zhasar-chempionga-toqaevtyng-syilygy-tabys-etildi-video/