jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Атымда көлік қана болды": Шавкат Рахмоновтың жұбайы күйеуімен жасасқан неке келісімшарты туралы айтты

    Гүлайым Рахмонова
    Гүлайым Рахмонова. Видеодан кадр: youtube.com/Ruslanutepbai

    UFC шебері Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова Руслан Өтепбайдың Youtube-арнасына берген сұхбатында күйеуімен арадағы неке келісімшартының мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Гүлайымның айтуынша, 2025 жылы наурызда олар үш баласымен Дубайға демалысқа барып келген, ал сәуірде спортшы неке келісімшарты туралы айта бастаған.

    "Мен басында күліп, оған мән берген жоқпын. "Сен онда маған кәсіп ашып бер немесе өзіміз тұрып жатқан үйді бер, мен саған неке келісімшартына қол қойып берейін, менен қорқасың ба? Қорықсаң неге менімен өмір сүріп жүрсің? Сонша бала өмірге келді" дедім. Бір жағынан өзінің анасының, бауырларының арасында басқа да бір әңгіме болған шығар. "Ертең сен ажырассаң, сенің дүниеңе таласады" дегендей. Барлық отбасында осындай ұрыс болатын шығар деп ойлаймын. Сол себептен "құлағым тыныш болсын, Шавкат егер мені дүние үшін жүрген адам деп ойласа, жазып берейін" деп қол қойдым", - дейді Гүлайым Рахмонова.

    Оның сөзінше, келісімшартта кімнің атында қандай мүлік болса, ажырасқан жағдайда сол өз атында қалатыны көрсетілген.

    "Менің атымда өзім жол апатына түскен көлік қана болды. Мен дүние үшін жүрген жоқпын. Мен оған ештеңем жоқ кезде қосылған адаммын. Жарайды, егер соны (неке келісімшартын - ред.ескертпесі) алып жаны тыныш болса, бере қояйын деп ойладым", - дейді Гүлайым Рахмонова.

    Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмоновтың жары түскен жол апатына қатысты іс биыл 30 қаңтарда сотқа жолданды.

    Айта кетейік, 2025 жылғы шілдеде "Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысы бар" делінген жол апаты туралы ақпарат тараған еді. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

    Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол талғамайтын көлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.

    Тараз сотында Гүлайым Рахмонова Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

    Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ал жақында Рахмонованың өзі желі парақшасында жазба жариялап, спортшымен ажырасқанын мәлімдеген болатын.

    "Атымда көлік қана болды": Шавкат Рахмоновтың жұбайы күйеуімен жасасқан неке келісімшарты туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.