jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азиада алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды (видео)

    Ясмина Тоқсанбаева
    Ясмина Тоқсанбаеваға пәтердің кілті табысталды. Фото: instagram.com/qazathletics

    Азия ойындарында алтын медалінен айырылған Қазақстан құрамасының спортшысы Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Айта кетейік, 9 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Олардың қатарында Азия ойындарында алтын медалінен айырылған атлет Ясмина Тоқсанбаева да бар. Оған "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталғанын хабарлағанбыз.

    Жеңіл атлетика федерациясы да XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен жаттықтырушыларды салтанатты түрде ұлықтады.

    Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Спорт комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы мен федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысып, үздіктерге ақшалай сертификаттар табыстады.

    Кештің басты жаңалығы — марафон қашықтығында ерекше ерлік танытқан Ясмина Тоқсанбаеваға федерация мен демеушілер атынан бір бөлмелі пәтердің кілті берілді.

    "Федерация Ясминаны Азия ойындарының нағыз чемпионы және ел мақтанышы деп есептейді.

    Бұл бағалы сыйлық спортшыға үлкен қолдау болып, алдағы Олимпиада ойындарына тың серпінмен дайындалуына зор мотивация береді деп сенеміз", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева 27 қыркүйекте ХХ жазғы Азия ойындарында спорттық жүрістен марафондық қашықтықта өнер көрсетті. Ол мәреге бірінші болып жеткенімен, кейін аяқ киіміне байланысты нәтижесіне шағым түсті. Тексерістен кейін қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды.

    Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының Instagram-дағы парақшасында болған жағдайға байланысты федерация атынан наразылық білдіріліп, тиісті шағым жіберілгені хабарланды.

    Кейін Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алтын медалінен айырылуына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram