Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нокаутпен жеңемін": Головкин алдағы жекпе-жегіне болжам жасады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/gggboxing

Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаға қарсы кездесуіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

"Жапония мен кәсіпқой бокста жұдырықтасқалы отырған тоғызыншы ел болмақ. Мүмкіндігінше әлем чемпиондары бүкіл әлемде жекпе-жек өткізуі керек деп ойлаймын. Жапон боксының жанкүйерлері керемет, бұл ұмытылмас тәжірибе болады. Ал егер бұл сізді ынталандырмаса, онда оның мәні неде?

Артымда қалдырған ізім үшін мақтанамын. Бұл өмір бойы қажырлы еңбек пен тәртіптің көрсеткіші. Бұл кездесудің стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте стильдер қақтығысы болады. "Нокаутпен жеңемін" деген батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын", - деді Головкин JiJi Press-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин мен WBA чемпионы Риота Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1962896-nokautpen-zenemin-golovkin-aldagy-zekpe-zegine-bolzam-zasady/

pixel