jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Азия біріншілігінде ел қоржынына екінші алтын медаль түсті

    бокс
    Көрнекі фото: pexels.com

    Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған отандық былғары қолғап шебері финалда Филиппин өкілі Флинт Джарамен жұдырықтасты.

    Тартысты өткен кездесуде төрешілер жеңісті Нұрсұлтан Алтынбекке берді.

    Осылайша, отандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының "алтынын" қанжығасына байлады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған еді.

    Бокстан Азия біріншілігінде ел қоржынына екінші алтын медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.