jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Махмұд Сабырхан Азия біріншілігінде ел қоржынына үшінші "алтынды" салды

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан шаршы алаңда. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырхан финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    57 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған отандық былғары қолғап шебері финалда Таиланд өкілі Саравут Суктхетпен жұдырықтасты.

    Тартысты өткен кездесуде төрешілер жеңісті Махмұд Сабырханға берді.

    Осылайша, отандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші "алтынды" салды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Нұрсұлтан Алтынбек 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған еді.

    Махмұд Сабырхан Азия біріншілігінде ел қоржынына үшінші "алтынды" салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.