jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қамшыбек Қоңқабаев 20 секундта қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді (видео)

    Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жек кезінде
    Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Olympic.kz

    Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан "Странджа" халықаралық турнирін қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек турнирдің 1/8 финалдында Нидерланд өкілі Стэн Бертенспен жұдырықтасты.

    Аталған кездесу небары 20 секундқа созылды. Жекпе-жек басталған бойда Қоңқабаев қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа жіберген.

    Осылайша, ауыр салмақтағы боксшымыз турнирдің ширек финалына өтті. Ол келесі жекпе-жекте өзінің ежелгі қарсыласы, әлем және Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баһадүр Жалоловпен кездеседі.

    Айта кетелік, бүгін шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыздың үшеуі ұтылды. Ертуған Зейнуллин, Бекзат Алдамжаров және Ерасыл Таңқай жарысты аяқтады.

    Қамшыбек Қоңқабаев 20 секундта қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.