WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"8 раундтық спаррингті аяқтадық. Бұйыртса келесі апта 10-12 раундқа көшеміз. Дайындық ойдағыдан да жоғары деңгейде өтіп жатыр. Құдай қаласа 13 мамыр тарих жасаудың келесі қадамын жасаймыз", - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.
Жәнібектің келесі қарсыласы кәсіпқой рингте 32 жекпе-жек өткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016612-zanibek-alimxanuly-aldagy-zekpe-zegine-daiyndyq-qalai-zurip-zatqanyn-aitty-foto/