jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақ баласы АҚШ-та өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді (видео)

    Бек Нұрмағанбет
    Бек Нұрмағанбет. Фото: Instagram/suleimen_promotions_official

    Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында өткен бокс кешінде отандық былғары қолғап шебері Венесуэла өкілі Хеберт Рондонмен жұдырықтасты.

    Суперорта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда Бек Нұрмағанбет бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    Осылайша, отандық боксшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал оның қарсыласы Хеберт Рондон мансабында төртінші рет ұтылды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталғанын жазған едік.

    Қазақ баласы АҚШ-та өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.