jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Ташкентте өтетін әлем чемпионатының жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйлық көлемін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

    Турнирдің жалпы жүлде қоры 5,2 миллион долларды құрайды. Алтын медаль жеңіп алған былғары қолғап шеберлері IBA тарапынан 200 000 доллар, күміс жүлдегерлер 100 000 доллар және "қола" үшін 50 000 доллар алады.

    Еске сала кетейік, 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы өнер көрсететеді.

    Бұған дейін құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов байрақты бәсекеге дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылар алдағы уақытта анықталмақ.

    Бокстан Ташкентте өтетін әлем чемпионатының жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.