jitsu gif
Спорт

    Қазақтың "Ломаченкосы" атанған Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы анықталды

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан шаршы алаңда. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырханның алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жарысты 1/16 айналымнан бастайтын Махмұд венгриялық Иштван Сакамен кездеседі. Иштван алғашқы кездесуде түркменстандық боксшыны ұтқан.

    Махмұд Сабырхан бокстан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі. Ол әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

    22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінің чемпионы. Жұдырықтасу мәнеріне қарап жанкүйерлер Махмұдты украиналық даңқты боксшы Василий Ломаченкоға ұқсатады.

    Бокстан әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтуде.

    Бүгінге дейін Қазақстан командасының бір боксшысы жарыс жолынан шығып қалды. 60 келідегі Талғат Сырымбетов иорданиялық Азия чемпионынан ұтылды.

    Қазақтың "Ломаченкосы" атанған Махмұд Сабырханның Ташкенттегі алғашқы қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.