Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

бокс
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Тәшкенбай жартылай финалда студенттер арасындағы әлем чемпионы, ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020299-sanzar-taskenbai-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel