Бүгін, 14 мамырда бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты аяқталады. Финалда үш отандық спортшы алтын жүлдеге таласатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
18.00-де басталатын финалдық жекпе-жекте алғаш болып шаршы алаңға Махмұд Сабырхан көтеріледі. 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандық боксшы Өзбекстан өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді.
Сонымен қатар 71 келідегі құрама капитаны Асланбек Шымбергенов тағы бір өзбек спортшысы Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтаспақ.
Осыдан кейін 80 келіге дейінгі салмақта екі қазақ баласы кездесу өткізеді. Ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай Қытайдың этникалық қазағы Тоқтарбек Таңатқанмен алтын жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандықтар кездесулерді Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.
Еске сала кетсек, кеше, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020440-alem-cempionaty-bugin-us-otandyq-bokssy-altynga-talasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.