Геннадий Головкин Қазақстанға келе жатыр
Опубликовано:
Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тан елге келе жатыр. Бұл туралы боксшы Сұлтан Зәуірбек хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Елге Гена ағамызбен қайттық. "Жекпе-жегіңді DAZN-нан көрдім дегенінің өзі қуаныш болды", - деп жазды Сұлтан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған болатын.
Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұтылды. "Канеломен" өткен үш кездесудің біреуінде боксшылар тең түссе, екеуінде Альварестің басымдығы байқалды.
Қазіргі таңда Головкин өзі жеңіп алған барлық чемпиондық белбеуінен айырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2029898-gennadii-golovkin-qazaqstanga-kele-zatyr/