jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетеуі де чемпион: бокстан Өзбекстан құрамасы Азия ойындарына қатысатын құрамын жариялады

    Баходир Жалолов шаршы алаңда
    Баходир Жалолов. Фото: olympic.uz

    Бокстан Азия ойындарында Өзбекстан намысын қорғайтын боксшылар анықталды. Бұл туралы Өзбекстан бокс федерациясының желідегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ханчжоу шаршы алаңында Азиаданың алтыны мен Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылардың барлығы да чемпион атанған.

    Азия ойындарына қатысатын Өзбекстан құрамасы:

    51 келі: Хасанбой Досматов

    57 келі: Абдумәлік Халоков

    63,5 келі: Руслан Абдуллаев

    71 келі: Асаходжа Муйдинходжаев

    80 келі: Тұрарбек Хабибуллаев

    -92 келі: Ләзизбек Моллажанов

    +92 келі: Баходир Жалолов

    Бұл құрамда Досматов, Халоков, Абдуллаев, Муйдинходжаев және Жалолов ересектер арасында әлем чемпионы атанса, Моллажанов әскерилер арасында, Хабибуллаев жастар арасында әлемдік сынды бағындырған.

    Айта кетелік, Азия ойындарына қатысатын Қазақстан командасының құрамын мына сілтемеден көре аласыздар.

    Жетеуі де чемпион: бокстан Өзбекстан құрамасы Азия ойындарына қатысатын құрамын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.