"Қателік өзімнен кетті": Сәкен Бибосынов Азия ойындарындағы жеңілісін түсіндірді
Опубликовано:
Бокстан әлем чемпионы әрі Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарындағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Өкінішке қарай, екінші кездесуімде жеңіліп қалдым. Азия ойындарында алтын алсам деп едім. Мақсатыма жете алмадым. Қателік өзімнен болды.
Негізі, жақсы жұдырықтасып едім. Бірақ бірінші раундта төрешілердің барлығы қарсыласқа ұпай бергенін көрген соң, тактиканы дұрыс орындай алмадым. Жоспардың бәрі өзгеріп кетті.
Енді жарыс жолында қалған боксшылардың бәріне сәттілік тілеймін. Әнұранымызды ойнатып, байрағымызды көтеріп, лицензияларды көбірек алсын", - деді Бибосынов.
Айта кетелік, Азия ойындарында Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласы Хасанбай Досматовқа есе жіберді.
- Азия ойындары: Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласына есе жіберді
- Әділбек Мусин Ханчжоудағы Азия ойындарында жүзуден екінші рет жүлдеге ілікті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038639-qatelik-ozimnen-ketti-saken-bibosynov-aziya-oiyndaryndagy-zenilisin-tusindirdi/