Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көршілерім": Абиба Әбужақынова, Эсмигүл Куюлова және Сәкен Бибосынов бала кезінде көрші тұрған

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова
Абиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/abiba48

Қазақстандық дзюдошылар Абиба Әбужақынова, Эсмигүл Куюлова және боксшы Сәкен Бибосынов бір ауылдан әрі бала кезінде көрші тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, аталған үш спортшы да Өзбекстанның Шыршық ауданына қарасты Табақсай аулында дүниеге келген. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбаты барысында Абиба Әбужақынова растаған.

"Иә, Сәкен мен Эсмигүл менің көршілерім. Эсмигүлмен жақсы араластық, ал Сәкенді ол кезде танымайтын едім. Кейін таныстым. Ол бокспен айналысты, мүмкін содан кейін бір-бірімізді білмеген шығармыз. Негізі Сәкен екеуіміз руласпыз", - деген тілші сауалына Абиба Әбужақынова.

Агенттік мәліметінше, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов 13 жасында Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Абиба Әбужақынова да бойжеткен шағында тарихи отанына оралып, Алматыдағы республикалық спорт колледжіне оқуға түскен.

Сәкен мен Абиба құрдас, аралары бір күн. Сәкен 1997 жылы 3 шілдеде дүниеге келсе, Абиба 1997 жылы 4 шілдеде туған. Ал Эсмигүл Куюлова 2002 жылы 11 мамырда дүниеге келген.

Айта кетейік, бұл спортшының барлығы қазір Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарына қатысты.

Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Эсмигүл Куюлова қола медальді жеңіп алды.

Ал Сәкен Бибосынов Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастағанымен, кеше азулы қарсыласы өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038686-korsilerim-abiba-abuzaqynova-esmigul-kuyulova-zane-saken-bibosynov-bala-kezinde-korsi-turgan/

pixel