Ханчжоудағы Азия ойындарында моңғолиялық қарсыласына есе жіберіп, 0:4 есебімен ұтылған қазақстандық боксшы Назым Қызайбай үшін Азиададағы дода аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Назым Қызайбай 50 келі салмақта моңғолиялық Есугэн Оюунцэцэгке қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесу 0:4 есебімен моңғолиялық боксшының жеңісімен аяқталды.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алмады.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа есе жіберді.
Боксшы жекпе-жектен кейін жеңілісінің себебін түсіндіріп, қателіктің бәрі өзінен болғанын мойындады.
Ал бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Боксшы өте қиын кездесуде жергілікті қытайлық спортшыны ұтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038746-bokssy-nazym-qyzaibai-aziya-oiyndarynyn-zartylai-finalyna-syga-almady/