jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азиада-2023: семсерлесуден Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

    семсерлесу
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін спорттық додада семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы өнер көрсетіп, Азиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшылар Азия ойындарын аясында Моңғолия құрамасымен кездесіп, оларды 45:12 есебімен жеңді.

    Қазақстан құрамасының атынан ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады.

    Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарында саблямен семсерлесуден Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңгенін хабарлаған едік.

    Оған қоса Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған елімізден 500-ден астам спортшы қатысады.

    Қазіргі уақытта ел қоржынында 20 медаль бар. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс, 15 қола жеңіп алды.

    Азиада-2023: семсерлесуден Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.