jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    IBA Champions’ Night 2023 Астана: Елеусінов пен Ташкенбайдың қарсыластары кім

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Фото: Stephen McCarthy / Sportsfile via Getty Images

    Қазақстандық боксшылар IBA ұйымдастыруымен Астана қаласында өтетін "Чемпиондар түні" бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    15 желтоқсан елордада IBA ұйымдастыруымен "Чемпиондар түні" бокс кеші өтеді. Осы кәсіби бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар тізімі:

    • 71 кг. Данияр Елеусінов – Джабулани Макхенсе;
    • 80 кг. Бекзат Нұрдәулетов – Никита Зонь;
    • 71 кг. Асланбек Шымбергенов – Хосе Мигель Боррего;
    • 57 кг. Махмұд Сабырхан – Освальдо Диас;
    • 51 кг. Санжар Ташкенбай – Нодиржан Мирзаахмедов;
    • 63,5 кг. Серік Теміржанов – Павл Федеров;
    • 80 кг. Ерасыл Жақыпбеков – Градус Краус.

    Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Бағлан Шалаевтің Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық боксшыларға қолдау білдірді.

    Бағлан Шалаевтің instagram storeas-і
    Бағлан Шалаевтің instagram storeas-і. Скриншот: instagram/baglan_shalayev

    Айта кетейік, 2019 жылы өткен әуесқой боксшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Бекзад Нұрдәулетов те (6-0 2 КО) Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастыратын "Чемпиондар түнінде" жұдырықтасады.

    IBA Champions’ Night 2023 Астана: Елеусінов пен Ташкенбайдың қарсыластары кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.