jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шақырды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Бокс жайлы жазатын шетелдік басылымның журналисі Льюис Уотсон орта салмақ дәрежесінде ұйымдастыруға болатын бес ең мықты жекпе-жек туралы жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Badlefthook.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шетелдік ақпарат порталы қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBO Global белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтановтың жұдырықтасуы тартысты болуы мүмкін екенін айтып өтті.

    "Головкиннің ізімен келе жатқан қазақтың орта салмақтағы боксшылары Лондон автобустары сияқты. Жылдап біреуін күтесің, кейін бірден екеуі келеді. Бәлкім олай емес те шығар, бірақ бұл жекпе-жек тізімнің алды болуы керек.

    Бұл кездесуге кедергілер бар екені айдан анық. Екі боксшының да ісін жүргізетін Эдис Климас олардың жұдырықтасуын қаламайды. Өйткені мақсатқа жететін басқа да жолдар бар. Жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен болса да, үздік бестікте болу керек", – деп жазды Уотсон.

    Айта кетейік, боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасаған еді.

    Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.