jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, халықаралық турнирдің алтынын жеңіп алды (видео)

    Бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Фото: Gerardo Vieyra/NurPhoto via Getty Images

    Қазақстандық боксшы Санжар-Али Бегалиев әзірбайжандық спортшы Аббас Агаларовты еске алуға орай өткізілген жастар арасындағы халықаралық турнирде алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әзірбайжан бокс федерациясының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Турнирдің бірінші күні 5 салмақ дәрежесінде 14 жекпе-жек өткізіліп, нәтижесінде үш Әзірбайжан боксшысы ширек финалға шықты.

    Бегалиев 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында әзірбайжандық боксшы Мирджалал Мирагаевпен жұдырықтасып, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша Санжар-Али Бегалиев әзірбайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға орай өткізілген жастар арасындағы халықаралық турнирдің алтынын алса, күміс медаль Мирджалал Мирагаевқа бұйырды.

    Айта кетейік, турнирге Әзібайжан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Сауд Арабиясының құрамалары және литвалық "Роял" бокс клубы қатысқан еді.

    Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, халықаралық турнирдің алтынын жеңіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.