Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы екінші орында: Қазақстандағы ең үздік боксшы кім

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов. Фото: Bill Tompkins/Getty Images

BoxRec.com сайты үздік қазақстандық боксшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпқой бокстың сараптамасы мен статистикасын жүргізетін BoxRec сайтының нұсқасы бойынша Мейірім Нұрсұлтанов үздік қазақстандық боксшы. Мейірім – әлемдік деңгейдегі спорт шебері, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, 2015 жылғы WSB чемпионы. Орта салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшы. "Жеңілмеген қазақ" аталып кеткен Мейірім 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, "Main Events" компаниясымен келісімшартқа отырған. Нұрсұлтанов биыл WBО нұсқасы бойынша да үздік боксшы деп танылған еді.

2-орында Жәнібек Әлімханұлы. "Top Rank" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Промоутері – Боб Арум. Менеджері – Эгис Климас. WBO global, WBC continental Americas чемпиондық белбеуінің иегері. WBO тұжырымының рейтингінде әлем бойынша топ 15 боксшының тізімінде. Кәсіпқой бокста “Qazaq style” стилінің негізін қалаушы.

3-орында Сергей Липинец. Ресейдің кикбокстан спорт шебері, кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында Ресей чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері, Кәсіпқой бокста IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы.

Ал үздік ондықты Батыр Жүкембаев, Жанқош Тұраров, Сұлтан Заурбек, Бекман Сойлыбаев, Бек Нұрмағанбет, Әбілхан Аманқұл, Руслан Мадиев аяқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2053112-zanibek-alimxanuly-ekinsi-orynda-qazaqstandagy-en-uzdik-bokssy-kim/

pixel