jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасуы мүмкін

    боксшы
    Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жектен кейін. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

    Ресейлік Livesport.ru порталы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық боксшы Джермалл Чарло 2024 жылы жұдырықтасуы мүмкін деп есептеп, болжамды жекпе-жектердің тізіміне енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Livesport.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жәнібек 2023 жылы Стивен Батлер мен Винченцо Гуальтьерриді нокаутқа жіберіп, WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі 2 чемпиондық белбеуді біріктірді. Қазақстандық бокс жұлдызының ендігі мақсаты орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы абсолют чемпион Джермелл Чарлоның егізі WBC титулының иегері Джермалл Чарло.

    Америкалық боксшы алған жарақатынан айығамын дегенше Әлімханұлы дивизиондағы қарсыластарының барлығын жеңіп, шарықтау шегіне жетті. Чарло мансабында мүлде жеңіліп көрмеген, десе де жаңа жұлдызға әлі жетер ме екен?", – деп жазды Livesport.ru.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша және WBC Continental Americas тұжырымы бойынша чемпионы.

    Жәнібек Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.