jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлына шетелдік бокс жұлдызымен жұдырықтасу ұсынылды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

    vRinge.com порталы 2024 жылдың болуы мүмкін жекпе-жектер қатарына Жәнібек Әлімханұлының Крис Юбенкпен жұдырықтасуын кіргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vRinge.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қандай жүлде? Екі чемпиондық белбеу.

    Неліктен рейтингтегі дәл осы орын? Юбенк шарықтау шегіне жетті. Танымалдылықтың арқасында таңдау жасай алады. Өз жасына сәйкес отандастарына қарсы қаржылық тиімді жұдырықтасулар немесе чемпиондық атаққа ие болудың соңғы қадамы.

    Егер Юбенк Конор Бенмен "келісе" алмаса, Жәнібекке қарай бұрылуы мүмкін. Қазақстандыққа жаңа дем керек, әйтпесе оның мансабы әлі де сұрқай тартып тұр", – деп жазды vRinge.com.

    Естеріңізге сала кетейік, WBO Юбенкті орта салмақтағы бірінші нөмірге көтеріп, оны Әлімханұлымен жекпе-жекке ресми үміткер етті. Алайда Кристің командасы қазақстандыққа қарсы жекпе-жекке асықпауға шешім қабылдады.

    Жәнібек Әлімханұлына шетелдік бокс жұлдызымен жұдырықтасу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.