jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Артур Бетербиев кезекті жеңісінен соң Дмитрий Биволды жекпе-жекке шақырды

    Боксшы Артур Бетербиев
    Артур Бетербиев. Фото: Elsa/Getty Images

    Ресейлік боксшы Артур Бетербиев келесі жекпе-жегін Дмитрий Биволға қарсы өткізгісі келеді. Кездесу Рамазан айынан кейін болуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 14 қаңтарда Артур Бетербиев британиялық боксшы Каллум Смитті нокаутқа түсіріп, орта ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғаған еді. Әлемнің абсолютті чемпионы атағын иелену үшін Биволға тиесілі WBA (Super) титулы ғана жетпейді.

    "Әрине, келесі жекпе-жегімді Биволға қарсы өткізгім келеді. Маған төртінші белбеу керек. Менде осы салмақ дәрежесінде әлі де алынбаған белес бар. Әлемнің абсолютті чемпионы атағы – ең жоғарғы биіктік", – деді Бетербиев жекпе-жектен кейін рингте.

    Боксшының промоутері Боб Арумның айтуынша, бұл жекпе-жек расында да талқылану үстінде.

    "Бірақ Рамазан жақындап келеді (11 наурызда). Биволмен жұдырықтасуға үш айдан соң дайын боламыз. Кездесу сол уақыт аралығында болуы мүмкін", – деді Top Rank компаниясының басшысы.

    Бетербиев кәсіби рингтегі барлық 20 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Дмитрий Бивол да өзінің барлық 22 жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

    Боксшы Артур Бетербиев кезекті жеңісінен соң Дмитрий Биволды жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.