jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Энтони Джошуа мен UFC-дің бұрынғы чемпионы Нганну көз түйістіру рәсімін өткізді

    Джошуа мен Нганну
    Джошуа мен Нганну. Фото: Alex Pantling/Getty Images

    Британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа мен UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Queensberry промоушенінің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жұдырықтасу 8 наурыз күні Сауд Арабияда өтеді. Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA, WBO, IBF және IBO бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа камерундық аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің бұрынғы чемпионы Нганнумен шаршы алаңда кездеседі.

    Джошуа соңғы жұдырықтасуын 2023 жылдың 24 желтоқсан күні Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында өткізді. Жекпе-жек швед боксшысы Отто Валлинаға қарсы өтіп, Джошуаның айқын жеңісімен аяқталды.

    Ал Нганнудың соңғы кездесуі ұлыбританиялық танымал боксшысы Тайсон Фьюримен болып, жекпе-жекте жеңіліс тапты.

    Боксшы Энтони Джошуа мен UFC-дің бұрынғы чемпионы Нганну көз түйістіру рәсімін өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.