jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Жанқош Тұраров және Жәнібек Әлімханұлы: Қазақстанда кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы, Берік Сұлтан және Жанқош Тұраров (солдан оңға қарай)
    Жәнібек Әлімханұлы, Берік Сұлтан және Жанқош Тұраров (солдан оңға қарай). Фото: instagram.com/zhankoshturarov

    Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен бокс кешін өткізу туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жанқош Тұраровтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Instagram-дағы ресми парақшасында Жәнібекпен түскен фотосын жүктеп, Қазақстанда тағы бір бокс кешін ұйымдастыру жайлы ойын айтты.

    "Бауырым екеуміз бірігіп, елде үлкен бокс кешін ұйымдастырсақ, қалай қарайсыздар?", – деп жазды Жанқош.

    2023 жылдың желтоқсанында Тұраров төрешілердің шешімімен жапониялық боксшы Акихиро Кондоны жеңген еді. Осы жеңісімен боксшы бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі IBO чемпиондық белбеуін қорғап, WBA Gold чемпионы атағын алған болатын. Кейін WBA рейтигінде 7-орынға көтерілді.

    Ал Әлімханұлы соңғы рет рингке өткен жылы қазан айында шығып, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді 6-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді.

    Жанқош Тұраров және Жәнібек Әлімханұлы: Қазақстанда кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.