jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымындағы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық боксшы Эрисланди Ларамен шаршы алаңда кездескісі келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен Лараны түсінбеймін. Ол менімен бірден үш титул үшін жұдырықтаса алады. Неге чемпионмен жекпе-жекке шықпайды? Жәнібек Лараға қарсы! Келіңдер, осы кездесуді өткізейік", – деп жазды Әлімханұлы.

    Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қараша айында өткізді. Винченцо Гуальтьериге қарсы жұдырықтасқан танымал боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, екі чемпиондық белбеудің иесі болған еді.

    "Qazaq Style" BoxRec нұсқасы бойынша ең жақсы көрсеткішті 2022 жылдың мамыр айында көрсеткен еді. Қазақстандағы орта салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында 1-орын, ал әлем бойынша 8-орында.

    Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымындағы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.