jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Рингті сағындым": Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

    Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Рингті сағындық! Бұйыртса жақында Америкаға аттанамыз! Qazaq style", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде.

    Еске салайық, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Лараны шаршы алаңға шақырған еді.

    "Qazaq Style" соңғы рет рингке 2023 жылы қазан айында шығып, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді 6-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген.

    "Рингті сағындым": Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.