jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды (видео)

    Ангелина Лукас және Рома Юсаф
    Ангелина Лукас және Рома Юсаф. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

    Аса жеңіл салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас WIBA әлем чемпионы атағына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ангелина Лукас аса жеңіл салмақтағы WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Бакуде (Әзербайжан) жекпе-жек өткізді. Ол Пәкстан өкілі Рома Юсафпен жұдырықтасты. Бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда Ангелина бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

    Жекпе-жектен кейін боксшы қыз Instagram желісінде жазба жариялады.

    "Мен бәріңізді қатты жақсы көремін және сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді, біз мұны жасадық! Бүгін мен екінші әлем чемпионы атағын жеңіп алдым және менің мақсатым абсолютті чемпион болу! Алға Қазақстан!", — деп жазды Ангелина Лукас.

    Ангелина кәсіпқой бокста осымен алтыншы рет жеңіске жетті. Ол бұған дейін Светлана Василевская, Алена Гурьева, Лулу Каяге, Ана Аррасола, Пауло Стумаи Муки сияқты боксшыларды ұтқан. Тек 2023 жылдың қазан айында жеңіл салмақта WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте чилилік боксшы Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) есе жіберген еді.

    Еске салайық, Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатынын мәлімдеген еді. Кейін ол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.