jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық тоғыз боксшы "Странджа" халықаралық турнирінің ширек финалына өтті

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық тоғыз боксшы Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарыстың 1/8 финалында қазақстандық 10 боксшы бақ сынады. Оның тоғызы келесі кезеңге өтті.

    Санжар Тәшкенбай (51 келі) жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қырғызстан өкілі Бекзат Эргешовті 5:0 есебімен ұтты. Дәулет Молдашев (54 келі) Руслан Эрнст уулудан (Қырғызстан) басым түсті – 4:1. Оразбек Асылқұлов (57 келі) украиналық боксшы Владислав Стасьты 5:0 есебімен жеңді. Еуропа чемпионы Артюш Гомцианимен (Грузия) жұдырық түйістірген Руслан Күзеубаев (60 келі) қарсыласына жол бермеді (5:0).

    Ерасыл Таңқай (63,5 келі) тағы бір Еуропа чемпионы, Болгария өкілі Красимир Джуровты жеңсе, Дулат Бекбауов (67 келі) оның отандасы Благовест Неделчевті ұтты. Нұрқанат Райыс (75 келі) қырғызстандық былғары қолғап шебері Даниэль Абдрахмановтан айласын асыра білді. Абзал Құттыбеков (92 келі) қытайлық боксшы Хань Сючженьді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) 1/16 финалда Николай Дишковты (Болгария), 1/8 финалда Алохон Абдуллаевты (Өзбекстан) жеңіп, келесі кезеңге өтті.

    Ал Талғат Шайкен (71 келі) былтырғы әлем чемпионатының ширек финалисі Эскерхан Мадиевтан жеңіліп қалды.

    Еске салайық, Санжар Тәшкенбай бастаған қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысатынын жазғанбыз. Жарыс 12 ақпанға дейін жалғасады.

    "Странджа" кубогы – Болгарияда жыл сайын өтетін халықаралық әуесқой бокс турнирі. Ол алғаш рет 1950 жылы Софиядағы "Юнак" стадионында өткен еді. Биыл 75-рет ұйымдастырылып отыр.

    Қазақстандық тоғыз боксшы "Странджа" халықаралық турнирінің ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.