Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Дулат Бекбауов "Странджа" турнирінің чемпионы атанды

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Болгариядағы "Cтранджа" халықаралық турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Дулат Бекбауов финалда үндістандық боксшы Раджетпен қолғап түйістіріп, 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша бокстан Қазақстан құрамасы "Странджа" турнирін 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Осыған дейін Санжар Тәшкенбай күміс жүлде иеленсе, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, "Кіші әлем чемпионаты" саналатын "Странджа" жарысына қазақстандық 10 боксшы қатысты. Олар: Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Таңқай (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Талғат Шәйкен (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі), Абзал Құттыбеков (86 келі).

Еске салайық, өткен жылы "Cтранджа" кубогінде Қазақстан құрамасы 2 жүлде жеңіп алған болатын. Оразбек Асылқұлов (57 келі) күміс медаль иеленсе, Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлдені қанжығалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2060366-bokssy-dulat-bekbauov-strandza-kubogynyn-altyn-medalin-zenip-aldy/

pixel