Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыз келесі жекпе-жегін Таиландта өткізеді

Опубликовано:

Боксшы Ангелина Лукас
Боксшы Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

26 жастағы қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ангелина Лукастың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ангелина Лукастың кезекті жекпе-жегі 29 ақпан күні Таиландта өтеді.

"Менің қарсыласым – таиландтық боксшы Кадесара Джадпакди. Оның кәсіби – рекорды 7-3-0. Алда мені 8 раундтан тұратын маңызды рейтингтік шайқас күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек, ​​өйткені бірнеше рейтингтік жекпе-жектерден кейін мен беделді әлем чемпионы титулдары үшін күресетін боламын. Сондықтан менің міндетім – ауыр жұмыс пен салмақты қарсыластарға дайын болу! Абсолютті әлем чемпионы болу", – деп жазды қазақстандық боксшы Instagram парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін Ангелина Лукас WIBA әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Ол титул үшін күресте Пәкстан өкілі Рома Юсафпен жұдырықтасып, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2061398-qazaqstandyq-bokssy-qyz-kelesi-zekpe-zegin-tailandta-otkizedi/

pixel