Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тиіп-қашып жұмыс істейтін басшыларды алмастырамыз": бокс федерациясының президенті Түркістан облысына барды

Опубликовано:

Шахмұрат Мүтәліп
Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram.com/turkistan_sport

Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті Шахмұрат Мүтәліп Түркістан облысына іс-сапармен барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шахмұрат Мүтәліп пен федерацияның вице-президенті, даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қабылдауында болды. Облыс басшысы спорт саласын қолдауға әрдайым дайын екенін айтты.

"Демографиялық өсім, жасөспірімдер мен жастар саны бойынша Түркістан өңірі елімізде көш бастап тұр. Сондықтан жастарды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету – міндетіміз. Сіздердің боксты, спорт саласын дамыту туралы бастамаларыңызды қолдаймын. Өзіміздің балалардан ештеңені аямаймыз. Барлық аудан, қалада типтік үлгіде бокс залдарын салу жағын қарастырып көруге болады. Бұл өңірдің бокс мектебі, бокс тарихы өте мықты. Үнемі көш басында жүретін еді. Біз бокс саласындағы осы көшбасшылықты қайтаруға күш саламыз. Әріптестік орнатып, бірге жұмыс істейміз", – деді Дархан Сатыбалды.

Ал бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп алдағы жоспарларды баяндады.

"Бүгінде ұлттық құрама сапында Түркістан облысынан 2 боксшы Италияда өтетін лицензиялық жарысқа дайындалып жатыр. Ұлттық құрамадағы жігіттерден үлкен үміт күтіп отырмыз. Аймақтарға арнайы келіп, боксты дамыту мәселелерін ақылдасып жатырмыз. Өңірлердегі федерациялардың жұмысын сараптаймыз. Тиіп-қашып жұмыс істейтін федерация басшыларын алмастырамыз. Мақсатымыз – барлық аймақта мықты командалар жасақтап, бәсекелестікті күшейту. Бұл ретте федерацияға облыс, қала әкімдіктерінің де қолдауы қажет, – деді Қазақстан бокс федерациясының президенті.

Еске салайық, Шахмұрат Мүтәліп бокстан Қазақстан ұлттық құрамасымен кездескенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2062602-tiip-qasyp-zumys-isteitin-bassylardy-almastyramyz-boks-federaciyasynyn-prezidenti-turkistan-oblysyna-bardy/

pixel