Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, Ұлыбритания өкілі Крис Юбенк болуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ talksport.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Крис Юбенк пен Жәнібек Әлімханұлы арасында жекпе-жек өтуі мүмкін екенін британиялық боксшының промоутері Калле Зауэрланд айтты. Оның сөзінше, Әлімханұлынан бөлек Кристің келесі қарсыласы ретінде оның отандастары Конор Бенн мен Келл Брук қарастырылып жатыр.
"Өткен аптада Крис екеуіміз сөйлестік. Бізде нұсқа көп. Брук немесе Әлімханұлымен екі титул үшін жекпе-жек өткізу деген нұсқа бар. Брукпен жұдырықтасу Ұлыбритания жұрты үшін тамаша болар еді, бірақ халықаралық деңгейде орта салмақта Жәнібек мықты саналады. Біз қаржы жағынан тиімдірегін таңдауымыз керек", – деді Калле Зауэрланд.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылы қазанда шықты. Ол кезде қазақстандық боксшы Германия өкілі Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы рингті сағынғанын және АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2063655-zanibek-alimxanuly-bokstan-alemnin-buryngy-cempionymen-zudyryqtasuy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.