jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бірінші раундта нокаутқа түсіремін": Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы чемпионның ұсынысын қабылдады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Крис Юбенктің ұсынысын қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Крис Юбенк пен Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңда кездесуі мүмкін екенін Юбенктің промоутері Калле Зауэрланд айтқан еді.

    "Өткен аптада Крис екеуіміз сөйлестік. Бізде нұсқа көп. Брук немесе Әлімханұлымен екі титул үшін жекпе-жек өткізу деген нұсқа бар. Брукпен жұдырықтасу Ұлыбритания жұрты үшін тамаша болар еді, бірақ халықаралық деңгейде орта салмақта Жәнібек мықты саналады. Біз қаржы жағынан тиімдірегін таңдауымыз керек", – деді Калле Зауэрланд.

    Жәнібек Әлімханұлы бұл мәлімдемеге X желісіндегі ресми парақшасында жауап берді.

    "Юбэнк? Кім ол? Боксшы ма? Чемпион ба? Егер ол боксшы болса, мен оны бірінші раундта нокаутқа жіберемін, иншаллах", – деп жазды қазақстандық боксшы.

    Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылы қазанда шықты. Ол кезде қазақстандық боксшы Германия өкілі Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді.

    "Бірінші раундта нокаутқа түсіремін": Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы чемпионның ұсынысын қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.