jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы жекпе-жекке шықпай-ақ алтын медаль жеңіп алды

    Жандос Қыдырәлиев
    Жандос Қыдырәлиев. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшы Жандос Қыдыралив алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    63,5 келі салмақтағы Жандос Қыдырәлиев финалда ирландиялық боксшы Паул Хэйл Джонмен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ қарсыласы жекпе-жектен бас тартқандықтан жеңіс Қыдырәлиевке берілді.

    Еске салайық, қазақстандық тоғыз боксшы Литвада өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек, Асылжан Серікбай, Алмат Әбдуәли, Жандос Қыдыралиев, Елнұр Сүйінбай, Фарух Тохтасунов, Азамат Бектас, Тұрсынбай Құлахмет, Абзал Құттыбеков.

    Нұрсұлтан Алтынбек финалда украиналық қарсыласы Иван Завадскийге есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Асылжан Серікбай Денис Поздольскийді (Украина) жеңіп, алтын медальға ие болды. Алмат Әбдуәли Латвия өкілі Матвейс Прокудинстан жеңіліп, екінші орынды місе тұтты. Ал Елнұр Сүйінбай украиналық боксшы Кирилл Глобенкодан басым түсіп, Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды салды.

    Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған. Ал Қазақстаннан 11 былғары қолғап шебері аттанған еді.

    Қазақстандық боксшы жекпе-жекке шықпай-ақ алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.