Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге жамандық тілемеймін": боксшы Ертуған Зейнуллинов Олимпиада жолдамасы туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Ертуған Зейнуллинов
Ертуған Зейнуллинов. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов 63,5 келі салмақта өтетін спаррингтік кездесулер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертуған Зейнуллинов былтыр 63,5 келіде жазғы Азия ойындарына қатысып, ширек финалда жеңіліп қалған еді. Ол лицензиялық турнирде бақ сынайтын спортшылар іріктелетін Қазақстан Спартакиадасына қатыса алған жоқ.

"Азия ойындарынан кейін мұрнымның сынуына байланысты Қазақстан Спартакиадасынан сырт қалдым. Италиядағы лицензиялық жарысқа Мұхаммедсабыр Базарбайұлы барды. Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Мен ешкімге де жамандық тілемеймін. Олимпиадаға кім барса да, еліміздің абыройын қолдан бермесін деген пікірдемін", – деді Ертуған.

Сонымен қатар Зейнуллинов 8-11 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирге қатысты пікір білдірді.

"Бұл бәсеке бәріміз үшін де жақсы мүмкіндік. Жанкүйерлер үшін де, боксшылар үшін әділетті шешім болары сөзсіз. Негізі, әйтеуір бір спаррингтің өтетінін білгем. Бірақ дәл осындай форматта болады деп күтпедім. Қазір жаттығу жоспарын өзгертіп, тынбай дайындалудамыз.

Қарсыластарға тоқталсам, Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен ғана жұдырықтастым. 2022 жылы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жол бердім. Басқа боксшылармен бұрын-соңды рингте кездесіп көрмегем", – деді боксшы.

Еске салайық, 63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2076666-eskimge-zamandyq-tilemeimin-bokssy-ertugan-zeinullinov-olimpiada-zoldamasy-turaly-pikirin-aitty/

pixel