Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрехан әлі жас": бокстан әлем чемпионы 63,5 келіде сынға түсетін боксшыларға баға берді

Опубликовано:

Ердос Жаңабергенов
Ердос Жаңабергенов. Фото: olympic.kz

Бокстан 2005 жылғы әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов 63,5 келі салмақта өтетін спаррингтік турнирге қатысатын боксшылар туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердос Жаңабергеновтің айтуынша, федерация мен бапкерлер спаррингтік турнир ұйымдастыру арқылы жанкүйер көңіліндегі сейілді азайтқысы келген.

"Бұл да дұрыс қадам. Ертең ешкім сырттан әңгіме айтпайды. Ал боксшыларға келер болсам, Азия ойындарында Ертуған Зейнуллинов сынға түсті. Ертуған туралы екіойда қалдық, себебі, ширек финалдағы қарсыласы допинг қолданды деп айыпталып жатыр. Егер сол жекпе-жекке допингпен шыққан болса, Зейнуллиновті де жеңілді дей алмайсың.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының деңгейі — елішілік жарыстар. Талай рет халықаралық жарыстарға апарды, әрі кетсе екінші айналымға жетеді. Болды. Серік Теміржановқа әлі салмақ пен физикалық күш жетпей жүр. Төрехан Сабырханды әлі жас спортшы деп есептеймін. Оның әлеуетін сол спаррингтік турнирде анықтаймыз.

Дулат Бекбауовқа келер болсам, оған салмақ түсіру қиын болады демеймін. Қазір спортта диетологтар жақсы жұмыс істеуде. Дулат салмағын тез түсіреді, оған шүбәм жоқ. Қолы ұзын, салмағы ауырлау болғанымен, Бекбауовқа жылдамдық жағы жетпейді. Сол жағынан қиын түсуі мүмкін", — деді Жаңабергенов.

Сонымен қатар әлем чемпионысп Дулат Бекбауовтың салмақ ауыстыруға ертерек қамданбағанын да айтты.

"Әлем чемпионатынан кейін ауысса болар еді. Коммерциялық турнирлерге қатысты. Қазір көптеген боксшылар елдің абыройы, Олимпиадаға аттану дегеннен гөрі, қалтасын толтыру үшін жұмыс істейді. Бұл енді олардың таңдауы", — деді Ердос Жаңабергенов.

Еске салайық, 63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2076834-torexan-ali-zas-bokstan-alem-cempiony-635-kelide-synga-tusetin-bokssylarga-baga-berdi/

pixel