Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәртіп орнатамыз": бокстан әйелдер құрамасының жаңа бапкері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Елдос Сайдалин
Елдос Сайдалин. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бапкері Елдос Сайдалин жоспарын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдос Сайдалин бапкерлік қызметті сеніп тапсырғаны үшін басшылыққа алғысын білдірді.

"Иә, алда бір ғана лицензиялық турнир қалды. Атқаратын жұмыс көп. Жауапкершіліктен қорқып, қашсам да болатын еді. Бірақ ұлттық құраманы жаттықтыру – менің арманым! Әрі команданың қазіргі жағдайына қанық болған соң, жауапты сәтте жалтару бапкерлігіме сын болар еді.

Бас құраманың қыздарын жақсы білемін. Барлығы да әлемдік деңгейдегі боксшылар. Талай жарыстарда шыңдалған. Сол себепті, бар күшімізді салып, соңғы лицензиялық жарыста мейілінше көп жолдама алуға тырысамыз", – деді Сайдалин.

Сондай-ақ құраманың жаңа бапкері командада тәртіп орнату ең бірінші мақсат болатынын айтты.

"Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген Бауыржан Момышұлы. Сондықтан, тәртіпке баса назар аударамыз. Өз спортын, өз командасын құрметтейтін адам ешқандай алыпқашпа әңгімелерге ермейді, команданың ауызбіршілігін бұзбайды. Қазір бокстан әйелдер құрамасы жайлы қаңқу сөз көбейіп кетті. Бұл мәселелерге де нүктесін қоямыз деп сенемін.

Алдағы күндері спаррингтік турнир өтеді. Сол сында үздіктерді таңдап аламыз. Команданың есігі бәріне де ашық. Әлем, Олимпиада чемпионы болсын, Қазақстанды он рет ұтсын, бәрібір. Барлығын да әділетті түрде таңдаймыз. Өте мықты команда болатынымызға сенемін", – деді Елдос Сайдалин".

Еске салайық, Елдос Сайдалин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері болып тағайындалған еді. Осыған дейін бұл қызметті Шәміл Сафиуллин атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2077397-tartip-ornatamyz-bokstan-aielder-quramasynyn-zana-bapkeri-malimdeme-zasady/

pixel