jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Сәтжанов бокстан жастар құрамасына бапкер болып тағайындалды ма: федерация өкілі жауап берді

    Қайрат Сәтжанов
    Қайрат Сәтжанов. Фото: kfb.kz

    Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасына бас бапкер болып тағайындалғаны туралы ақпаратқа бокс федерациясының ресми өкілі жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Спорт комментаторы және инсайдер Уәлихан Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасына бокстан жастар құрамасына жаңа бапкер тағайындалғанын жазды.

    "Маған жеткен ақпарат бойынша, Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды", – делінген комментатордың жазбасында.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі бұл ақпаратқа қатысты бокс федерациясының өкілінен жауап алды.

    "Әзірге бұл жайында ресми ештеңе жоқ. Мен федерациядамын ғой. Қайрат Сәтжанов жайлы да ештеңе белгілі емес", – деді бокс федерациясының баспасөз қызметкері Азиз Оразбаев.

    Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Ол 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Ал 2021 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

    Еске салайық, Елдос Сайдалин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері болып тағайындалған еді.

    Қайрат Сәтжанов бокстан жастар құрамасына бапкер болып тағайындалды ма: федерация өкілі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.