Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов спаррингке шықты (видео)

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов
Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: youtube.com/@TulkinKilichev

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық былғары қолғап шебері Баходир Жалолов оқу-жаттығу жиынында спаррингке шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Youtube желісіндегі арнасына Түркістан облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан видео жариялады. Видеодан боксшылар жұпқа бөлініп жаттығып жатқанын байқауға болады. Олардың ішінде ауыр салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов та бар.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан, Куба және Өзбекстан құрамалары Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Қазақстан құрамасы сапында Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. Ал Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар.  Куба құрамасы сапынан Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Круз сияқты боксшылар оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2086217-qamsybek-qonqabaev-pen-baxodir-zalolov-sparringke-syqty-video/

pixel