jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының қола жүлдегерін жеңіп, "Елорда кубогын" сәтті бастады

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Бокстан ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан "Елорда кубогын" жеңіспен бастады. Бқл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 13 мамырда Астанада бокстан ересектер арасында "Елорда кубогы" халықаралық турнирі басталады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов және тағы басқа да боксшылар рингке шығады.

    Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан "Елорда кубогын" жеңіспен бастады. 57 кг салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд 2021 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Даниял Шахбахшты төрешілердің шешімімен жеңді.

    Айта кетейік, бұл жарысқа биыл Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков те қатыспақ. 71 кг салмақта бақ сынайтын Қонысбековтің алғашқы қарсыласы Азат Иманберлі болады.

    Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының қола жүлдегерін жеңіп, "Елорда кубогын" сәтті бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.