jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Головкиннің тырнағына да татымайды": әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    WBC тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесінің әлем чемпионы доминикандық Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шықса, мерзімінен бұрын жеңетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Карлос Адамес пен Жәнібек Әлімханұлы осыған дейін спаррингке шыққан болатын.

    "Спаррингте не болғаны айдан анық. Ол мұны жақсы біледі. Бірақ мен спаррингте нақты не болғанын айтпаймын. Бұл менің принципім. Ондай нәрселерді айтып отырмаймын. Бірақ ол бәрін біледі. Сол кездегі сппарринг-сессияда ол қара терге түсті. Бұл анық. Менімен спаррингке шыққандардың бәрі денесі көгеріп қайтады. Сондықтан мен оған кейін жекпе-жекке шығуды ұсынғанымда, ол бас тартты.

    Олар Жәнібектің айналасында өрбіп жатқан хайпты бұзғысы келмейді. Өйткені оны екінші Головкин ретінде танытпақ. Бірақ ол, тіпті, Головкиннің тырнағына да татымайды. Геннадий мықты еді, ұлы спортшы болды. Ал мына жігіт ондай емес. Оны Головкинмен салыстыруға да келмейді.

    Егер мен онымен шаршы алаңға шықсам, жоқ қылып жіберемін. Ол бес раундтан артық шыдай да алмайтын шығар. Мен оған қолайлы қарсылас емеспін. Мұны өзі де біледі. Оны бес раундқа жетпей-ақ жеңемін, нокаутқа жіберемін", - деді Карлос Адамес Broadway Joel Адамес Youtube арнасына берген сұхбатында.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Ресей тумасы, Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.

    "Головкиннің тырнағына да татымайды": әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.