jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Түнімен ауруханада болдық": Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының қазіргі жағдайы туралы айтты

    Жанибек Алимханулы в больнице после потери сознания
    Жанибек Алимханулы в больнице после потери сознания. Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

    Ауруханаға түсіп қалған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық боксшының командасы Instagram желісіне Жәнібектің ауруханада жатқан суретін жариялап, оның қазіргі жағдайы туралы жазды.

    "Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз!

    Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық.

    Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты!

    Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!", - делінген мәлімдемеде.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалғанын жазған едік. Оның 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

    "Түнімен ауруханада болдық": Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының қазіргі жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.